Қоғам

Бас санитар дәрігер Vero Cell вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Вакцина екі бөліктен тұрады, әрқайсында 0,5 мл өнім болады
Sputnik

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатқа сәйкес, COVID-19-ға қарсы белсенділігі жойылған Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасын қолданып, вакциналау жүргізуге рұқсат берілді.

Сондай-ақ бұл вакцинаның SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02 штамынан жасалғаны, құрамында антибиотиктер мен консерванттар жоқ екені айтылған.

Вакцина 18 жастан асқан азаматтарға арналған. Вакцина екі бөліктен тұрады, әрқайсында 0,5 мл өнім болады. Екі бөлігін салдыру аралығы – 21-28 күн.

Вакцинаны кімге салдыруға болмайды:

  • Вакцинаның кез келген компонентіне аллергия болса;
  • вакцинаға аллергиялық реакциялар болса (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);
  • бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромы болса;
  • 18 жасқа толмаған адамдарға.
  • Егер вакцинадан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.
  • Вакцинаны қандай жағдайда сақтықпен қолдану қажет:
  • жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттерге;
  • қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге;
  • вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге;
  • қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану керек.

Құжат 12 тамыздан бастап күшіне енді. Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.