Денсаулық

Өткен тәулікте қанша адам COVID-19 жұқтырды

11 тамыздағы жағдай бойынша елде 5 939 533 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Екіншісін 4 563 841 қазақстандық салдырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 747 адамда коронавирус індеті ПТР-сынама арқылы расталды.

Өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1384,
  • Алматы қаласы - 1510,
  • Шымкент қаласы - 515,
  • Ақмола облысы - 276,
  • Ақтөбе облысы - 364,
  • Алматы облысы - 300,
  • Атырау облысы - 460,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 244,
  • Жамбыл облысы - 135,
  • Батыс Қазақстан облысы - 169,
  • Қарағанды облысы - 1127,
  • Қостанай облысы - 264,
  • Қызылорда облысы - 204,
  • Маңғыстау облысы - 218,
  • Павлодар облысы - 297,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 159,
  • Түркістан облысы - 121.

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 664 524 адамнан анықталды.

11 тамыздағы жағдай бойынша елде 5 939 533 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды. Екіншісін 4 563 841 қазақстандық салдырды.