НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Шенеунік жеке кәсіпкерден нысанды кедергісіз қабылдап, оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып бергені үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алғандығы әшкере болды.
Сот санкциясымен күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Басқа ақпараттар тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.
Оқи отырыңыз: Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Еске сала кетейік, 12 тамызда Алматыда алаяқтық жасады деп айыпталған бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке қатысты үкім шығарылды.
Түрксіб аудандық соты Мұсайбековті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 62 миллион 394 мың теңге көлемінде айыппұл салды.