Денсаулық

Жүрек талмасының жасырын белгісі қандай – дәрігер жауабы

"Қалыптан тыс" деп атауға болатын бұл симптомды елемеуге болмайды. Дер кезінде маман көмегіне жүгіну керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Тердің тым қатты бөлінуі жақындап қалған жүрек талмасының белгісі болуы мүмкін, деп хабарлады British Heart Foundation ұйымының медицина мамандары. 

"Егер кеуде тұсындағы ауырсынумен қатар дене қызып, қатты терлей бастасаңыз, жедел жәрдем шақыру керек", - деп мамандардың сөзін келтірді Daily Express газеті.

Мақалада мұндай симптомға ерекше мән беру керектігі жазылған.

Мамандар жүрек жұмысындағы ақауды білдіретін бірқатар елеусіз белгі бар екенін айтты. Бірақ науқастар ол белгілерді көбіне басқа ауру симптомы деп қабылдайды. Мысалы, іштің ауыруы немесе ас қорыту проблемалары деп есептейді.

Сонымен қатар тобықтың ісінуі де жүрек жұмысының жеткіліксіздігі жайлы белгі беруі мүмкін.

Ал физикалық жүктеме кезінде кеуде тұсында пайда болатын ауырсыну стенокардияның симптомы болуы ықтимал.