Қоғам

Душқа сирек түсу несімен қауіпті

Тері ағзаны күн сәулесінен қорғап, температураны реттейді. Алайда кей адамдарда бұл функция бұзылуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз — Sputnik. Күн сайын душ қабылдаудан бас тарту салдарынан тері аурулары пайда болуы мүмкін.

Жиі шомылмайтындарды безеу, дерматит, псориаз мазалайды, деді дәрігер Эмеки Окороча. Бұл туралы РИА Новости Daily Mail-ке сілтеме жасап хабарлады.

Dr Yalda Clinics косметологы Ялда Джамалдың айтуынша, тері ағзаны күн сәулесінен қорғап, температураны реттейді.

"Егер адам күн сайын душқа түспесе, тер, өлі жасушалар мен кірдің бәрі осы функцияларды бұзады", - деді ол.

Маман сирек шомылған кезде жағымсыз иіс пайда болатынын ескертті. Өйткені бактериялар пайда болады.

Ал Health & Aesthetics клиникасының дәрігері Рекха Тейлор кешке жуынған дұрыс деп отыр. Себебі ұйықтаған кезде тері қалпына келеді. Оның пікірінше, бұл терідегі ұсақ тесіктердің бітелуінен, безеу шығуынан қорғайды.