Саясат

Тоқаев келесі аптада Оңтүстік Кореяға барады

Мемлекет басшысы іскерлік келіссөзден бөлек, Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылуына қатысады деп жоспарланған
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Оңтүстік Кореяға сапар шегеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"16-17 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекет басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған. Қазақстан президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне де қатысады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Олимпиада қорытындысы туралы: бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді