Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда вакцина алған қанша адам коронавирустан қайтыс болды

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жыл басынан бері қалада қанша адам коронавирустан қайтыс болғанын жариялады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Елордада жыл басынан бері коронавирусқа қарсы вакцина алған 23 адам көз жұмды. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл басынан бері қалада коронавирустан 1080 науқас қайтыс болды, оның ішінде 23 адам толығымен вакциналанған. Бұл өте төмен көрсеткіш, 2%-тен аз. Көз жұмған пациенттердің бәрі 59 жастан асқан және созылмалы аурулары болған",- деді Мұратов баcпасөз мәслихатында.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандардың 97,7%-і – екпе алмаған азаматтар, ал 2,3%-і вакцина салдырғандар екенін мәлімдеді. Вакцинадан кейін көз жұмған науқастар созылмалы дертпен ауырған.

10 тамыздағы жағдай бойынша республикада 5 879 016 адам вакцинаның бірінші компонентін, 4 505 662 адам екінші компонентін салдырды.