Білім

Бірінші қыркүйекте мектепте бүлдіршіндерге "Әліппе" табысталады

Білім және ғылым министрінің айтуынша, 1-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Биыл оқушылар "Білім күнін" мектепте қарсы алады. Бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" оқулығы табысталады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірінші қыркүйекте "Білім күні" салтанатты шарасы дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде "Әліппе" оқулығы табысталады. Ал 2-11 сынып оқушылары бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Министр жаңа оқу жылында мектеп формасына қатысты талаптар сақталатынын атап өтті. Бірақ пандемияға байланысты балаларға мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киім киіп келуге де рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мектептері Ashyq жобасына жүз пайыз қосылды – Көлгінов