НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Түркиялық актриса Сабина Тозия 75 жасына қараған шағында көз жұмды.
Бұл туралы Хюррем-сұлтан рөлін сомдаған Мерием Өзерли жазды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Мен сені жақсы көремін. Біз үш керемет жобада бірге жұмыс істедік. Кеше сен өмірден оздың. Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей", - деп жазды ол.
"Сүлеймен сұлтан" сериалында ойнаған актриса қайтыс болды
© Photo
Өлімнің себебі нақты айтылған жоқ. 2021 жылдың басында актрисаға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі.
Оған сәтті ота жасалды. Алайда денесінің кей бөлігі сал болып қалды.
"Сүлеймен сұлтан" сериалында ойнаған актриса қайтыс болды
Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Солтүстік Македонияның Скопье қаласында дүниеге келген.
2011-2014 жылдары көгілдір экранға шыққан "Сүлеймен сұлтан" сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады.