Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан мектептері Ashyq жобасына жүз пайыз қосылды – Көлгінов

Білім беру нысандары тексерістен өтіп, барлық мектеп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендірілді, деді әкім
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын. Білім ошақтары Ashyq жобасына толығымен қосылған. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Білім беру нысандары тексерістен өтіп, барлық мектеп санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендірілді. Мұғалімдердің 97 проценті вакцина алды. Ashyq жобасына мектептер толығымен, жүз пайыз қосылды", - деді әкім үкімет отырысында.

Бұған дейін елорданың білім басқармасы Ashyq жүйесі карантиндік шектеулер кезінде оқу процесін дәстүрлі форматта жалғастыруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Десе де эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда оқушылар қайтадан онлайн оқиды.