Sputnik Азербайджан сайтына берген сұхбатында Ресейдің Халықаралық журналистер одағының бөлім басшысы Тимур Шафир осындай пікір білдірді.
Оның пікірінше, журналистика пандемия жағдайында ақпарат сапасын көтеруге серпін алды. Өйткені фейк хабарлар мен қоғамда ақпарат арқылы жағдайдың ушығуы терең журналистік сараптау, хайп және фейкке қарсы технологиямен жұмыс істеу белсенділігін талап етеді.
Сонымен қатар Тимур Шафир қашықтан жұмыс істеудің түрлі құралдарының пайда болғанына қарамастан, оған деген қызығушылықтың төмендегінін атап өтті. Оның айтуынша, адамдар бетпе-бет тілдесу ақпарат алмасу ғана емес, эмоция, көңіл күй мен аудиторияның энергетикасын сезінудің мүмкіндігі екенін түсінді. Технология мұның бірін алмастыра алмайды.