Қоғам

Қазанда Pfizer вакцинасын балалар мен жүкті әйелдер ғана салдыра алады – министрлік

Осы аптада Қазақстанға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған тағы бір вакцина жеткізіледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарға Pfizer вакцинасын күтудің қажеті жоқ екенін айтты. Себебі ол ең алдымен кәмелетке толмағандар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді болады.

Министрдің сөзі Coronavirus2020.kz Telegram каналында жарияланды.

"Бастапқы кезеңде, қазанда Pfizer вакцинасы тек балалар мен жүкті әйелдер үшін қолжетімді болады, сондықтан оған сенудің қажеті жоқ. Қазір барып, вакцина салдыру керек", - деді министр.

Айтуынша, осы аптада Қазақстанға Қытай Халық Республикасынан ДДҰ мақұлдаған тағы бір вакцина жеткізіледі.

Бұған дейін Қазақстанға тағы 8 миллион доза вакцина жеткізу жоспарланып отырағаны хабарланды. Алайда Цой нақты қай вакцина жеткізілетінін нақтыламады.