Өңірлер

Атырауда топтық төбелестің соңы қайғылы жағдаймен аяқталды

Басынан алған ауыр жарақаттан 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды. 4 адамы қамауға алынды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Атырау облысында топтық төбелес болып, оның соңы адам өліммен аяқталды. Қайғылы оқиға Индер ауданының Есбол ауылының маңында болған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Масқара, өлтіріп тастады!": Павлодар облысында түсірілген видеоның мән-жайы
Жастардың өзара текетіресіне не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі басынан алған ауыр жарақаттан 30 жастағы тұрғын аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмды.

Қазір полиция "Адам өлтіру" бабымен іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіп кетті. Күдікті ретінде осы ауылдың 28-29 жастағы 4 адамы қамауға алынған.

"Индер ауданында 1991 жылғы азаматтың өліміне қатысты қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске күдікті 4 азамат қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.