АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін – Абай күні. Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
10 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл дата 2020 жылы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ресми түрде "Абай күні" деп бекітілді.