Экономика

Қазақстандық миллиардерге іздеу жарияланды

Ол Қазақстанның ең бай елу адамы тізіміне енген. 2020 жылдың желтоқсан айындағы ақпарат бойынша 65 миллиард теңге қаражат жинақтаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Салық органы "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялады.

Бас прокуратура порталының мәліметіне сәйкес, бизнесмен тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр. 

Балушкинді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті іздестіріп жатыр. 

Forbes ақпараты бойынша ол 2020 жылдың желтоқсан айына дейін 65 миллиард теңге жинақтаған.