Спорт

Тоқаев Олимпиада қорытындысы туралы: бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді

Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керектігіне бас назар аударды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті, деп жазды президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

"Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет", - деді ол.

Қазақстан спортшылары Токио Олимпиадасында 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген болатын.

"Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді", - деді Тоқаев.

Президент Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керектігіне бас назар аударды.

Медаль алған қазақстандықтар:

Елдос Сметов (дзюдо);

Игорь Сон (ауыр атлетика);

Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика);

Нұрислам Санаев (еркін күрес);

Дархан Асаділов (карате);

Софья Берульцева (карате);

Сәкен Бибосынов (бокс);

Қамшыбек Қоңқабаев (бокс).