Өңірлер

Қазақстанда 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазгидромет синоптиктері 10-12 тамыз күндеріндегі ауа райына болжам жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Алдағы үш күнде елдің солтүстігінде, орталығы мен шығысында ауа райы жауын-шашынды болады, батыс пен оңтүстік-батыста температура 45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймағында атмосфералық ағымдар әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, екпінді жел соғады. Бұл аймақтарда температуралық фон түнде +8...+15 градусқа дейін, ал күндіз +17...+22 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың қалған аумағында күн ашық болады. Елдің батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін аптап ыстық болжанып отыр.

Мегаполистердегі ауа райы 

Нұр-Сұлтан

10 тамызда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде +18, күндіз +26 градус.

Алматы

10 тамызда күн ала бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде +21, күндіз +30 градус.

Шымкент

10 тамызда күн ашық, түнде +21, күндіз +34 градус ыстық.