Өңірлер

Ақтөбе облысында жүргізуші көлікпен баласын басып кетті – оқиғаның мән-жайы

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жолда, әсіресе, аулада аса сақ болуға шақырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында бір жасар баласын байқамай, көлікпен басып кетті. 

Ресми мәліметке сәйкес, жазатайым оқиға 7 тамызда саяжайлар аймағында болған. 48 жастағы Opel Astra көлігінің жүргізушісі артқа жүргенде бір жасар баласын байқамай қалды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.  сілтеме жасап.

"Баланың басы қатты жарақаттанды. Ол шұғыл облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер.

Осы орайда тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жолда, әсіресе, аулада аса сақ болуға шақырды.

Айта кетері, кеше Алматы қаласында баланы көлік қағып кеткен. "Алтын орда" базары жанында мас ер адам баланы жетектеп, рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде бірнеше көлік тоқтап үлгерді. Ал ГАЗель жүргізушісі тежегішті басса да, баланы соғып кетті. Баланы сан алуан дене жарақатпен ауруханаға жеткізді.