Өңірлер

Министрлік Алматы көшелеріндегі танктер видеосына қатысты түсініктеме берді

Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан. Мұндай фейктер бірнеше рет жоққа шығарылған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз — Sputnik. Қазнет қолданушылары Алматы маңында әскери техникамен қорғалатын блокпосттар қойылатыны туралы хабарлама таратып жатыр. Бұған дәлел ретінде бронетранспортерлерді тасымалдау барысы түсірілген видео жарияланды.

Қорғаныс министрлігі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп жазады Stopfake.kz.

"Қазіргі уақытта Алматы айналасында блокпосттар қойылмаған. Видеоға түсірілген әскери техниканың карантиндік шектеулерге ешқандай қатысы жоқ. Бұл 5 тамызда болған. Техниканы Алматыдағы Гвардейск қаласынан жоспарлы жөндеу жұмыстарынан кейін әскери бөлімге тұрақты орнына алып келді", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар қалаларды жабу туралы қауесетті бұған дейін де таратқан. Мұндай фейктер бірнеше рет жоққа шығарылған болатын.