Қоғам

Қазақстанда тағы 7 802 адамнан коронавирус табылды

Науқастардың ең көбі Алматы (1516) мен Нұр-Сұлтан қалаларында (1496) тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 802 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 1496,
  • Алматы қаласында - 1516,
  • Шымкент қаласында – 552,
  • Ақмола облысында – 256,
  • Ақтөбе облысында - 344,
  • Алматы облысында - 350,
  • Атырау облысында - 420,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 244,
  • Жамбыл облысында - 200,
  • Батыс Қазақстан облысында - 132,
  • Қарағанды облысында - 1050,
  • Қостанай облысында - 220,
  • Қызылорда облысында - 181,
  • Маңғыстау облысында - 240,
  • Павлодар облысында - 301,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 158,
  • Түркістан облысында - 142.

Пандемия басталғалы бері республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 634 214 адамға жетті.

7 тамызда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін  5 727 414 адам,  2-ші компонентін 4 356 279 адам салдырды.