Бұл спорт түрі алғаш рет Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілді. Токиода Қазақстаннан бір ғана спортшы – алматылық Ришат Хайбуллин ғана өнер көрсетті.
3-6 тамыз аралығында өткен жарыстардың қорытындысы бойынша Ришат Хайбуллин 11 -ші орынды иеленіп, финалға өте алмады. Қазақстанның дебютін сәтті деп санауға бола ма? Токио Олимпиадасынан кейін қандай қорытынды жасалды? Ришат Хайбуллин мен оның әкесі, жеке жаттықтырушысы Ринат Хайбуллин Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осы және басқа да сұрақтарға жауап берді.