Өңірлер

Жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады –  ертеңге ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жексенбі, 8 тамызда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік пен солтүстік-шығыста нөсер жауын, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Батыс және оңтүстік-батыста күн ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда найзағай жарқырап, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +25+27 градус, секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады.

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, +32+34 градус ыстық.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз 37-39 градусқа дейін көтеріліп, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл, 15-20 м/с жел болжанып отыр. Қарағанды облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін барады.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады.

Тағы оқыңыз: Үш миллионнан астам малдан айырылайық деп отырмыз – Садырбаев

Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел күтілуде. Қызылорда мен Түркістан облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, түнде және таңертең – тұман. Алматы облысында таулы аудандарда найзағай болжануда.

Күндіз Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.