НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Маңғыстау облысының перинаталдық орталығында 67 әйел коронавирусқа қарсы ем алуда. Олардың тең жартысының жағдайы ауыр.
"Осыдан екі күн бұрын ғана орталықта коронавирустан бір әйел көз жұмды. Дәрігерлер сәбиінің өмірін құтқарып қалды. Көз жұмған әйелдің жұбайы да инфекциялық ауруханада коронавирусқа қарсы емделген. Бір сөзбен айтқанда, вакцина алыңыздар!", - деп жазды қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстанда жүктілікті вакцинаның екі компонентін алғаннан кейін, бір жарым-екі айдан соң иммунитет толық қалыптасқанда жоспарлауға кеңес берілген. Дәрігерлер әйелдерді жүктілікті жоспарлау алдында кез келген антиковидтік вакцина алуға үндейді, өйткені екпе репродуктивтік жүйеге әсер етпейді.