Спорт

Қазақ палуандары Олимпиадада тағы бір қола жүлдеден қағылды

Қазақ палуаны Дәулет Ниязбеков жазғы Олимпиада ойындарында медальсіз қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Қазақстандық палуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ниязбеков қола үшін үндістандық Баджранг Баджрангпен белдесті.

Отандасымыздың қарсыласы бірінші кезеңде екі ұпаймен алға шықты. Ал екінші кезеңде өз басымдығын 8 ұпайға дейін жеткізді. Ниязбеков оған қарсы ештеңе істей алмады.

Осылайша, қазақстандық палуандар тағы бір "қоладан" қағылды. Күні кеше Данияр Қайсанов та қола медаль үшін белдескен болатын. Бірақ өзбек палуанынан жеңіліп қалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның қоржынына тағы медаль түсті: Берульцева жартылай финалға шықты

Айта кетері, Токио Олимпиадасында палуандардың ішінде Нұрислам Санаев қана қола медаль жеңіп алды.