Видео

Фотограф iPhone түнгі режимін дұрыс қолдануға қатысты кеңес берді – видео

Apple компаниясының ресми YouTube арнасында кәсіби фотограф Мария Лакс кеңес берген видео жарияланды. Ол телефонның түнгі режимін қалай қолдану керектігін көрсетті
Sputnik

1-қадам. Жарықты анықтау

Түсірілім жерін таңдаған кезде терезе, түнгі фонарь, неондық жарық түсетін орынға назар аударған жөн. Суреттің сапасы осыған байланысты. Сурет тым қараңғы немесе жарық болмауы үшін телефонның түнгі режимі қалыпты жағдайды автоматты түрде таңдайды. 

2-қадам. Кадрды сезіну

Ерекше ракурс пен қолда бар заттарды қолданыңыз. Мәселен, Лакс объектив алдына пластик қойып, суретке түсіреді. Бұл фотоны жұмбақ әрі қызықты ете түседі. 

Штатив пен Apple Watch сағаты да көмекке келе алады. Олардың арқасында ұзақ кадр түсіруге болады.

3-қадам. Өңдеу

Өңдеу кезінде фоторедактор көмегімен суретті қанық түске боюға болады. Конраст жасап немесе сурет түсін біршама ашық етіп көрсетуге болады. Соңғысы фотограф суретті кездейсоқ түсіргендей әсер қалдырады.