Саясат

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарастырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға жұмыс сапары президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесуден басталды. Мемлекет басшылары Түрікменбашы қаласындағы "Аваза" ұлттық туристік аймағында кездесті, деп хабарлады Ақорда.

Қазақстан президенті Түрікменстан басшысына қонақжайлығы үшін ризашылық білдіріп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші консультативтік кездесуін өткізу өзекті әрі уақытылы бастама екенін атап өтті.

"Сіз ұйымдастырған кешегі іс-шара танымды, бір жағынан мазмұны да маңызды болды. Іс жүзінде, біз бейресми кездесуде осындай күрделі кезеңде жұмылып, ынтымақтастықты одан әрі күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында Орталық Азиядағы өзекті мәселелерді талқыладық", – деді Тоқаев.

Тоқаев Түрікменстан президентімен кездесті

Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді қарастырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалады.

"Түрікменстан – Қазақстанның стратегиялық әріптесі. Ұзақмерзімді әрі стратегиялық сипаттағы ортақ жобаларымыз көп. Бұдан кейінгі келіссөздер барысында да екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға міндетті түрде баса мән береміз. Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Түрікменстанға ресми сапарым бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді президент.

Қол қойылатын негізгі құжаттар топтамасы әзір. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, жеткізілетін тауарлар түрін арттыруға, көлік-транзиттік әлеуетті кеңірек пайдалануға және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды күшейтуге ниетті екенін жеткізді.