Әлем

Ресейдің әскери академиясында Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды

Қазақстандық әскерилер Кеңес Одағының батырының еске түсіріп, құрмет көрсетуде. Бірқатар қалада Талғат Бигелдиновтің 99 жасына орайластырылған шаралар өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ресейдің Воронеж қаласындағы Әскери-әуе академиясында Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды. 

Мұны жоғары оқу орнының магистратурасында оқитын қазақстандық әскерилер жүзеге асырды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Дәрісхана ашу идеясын оқу орнының басшылығы құптады. Академия басшысының орынбасары, полковник Андрей Еремин Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің рөлін атап өтті. 

Ресейдің әскери академиясында Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды

Мұнда танымал ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигельдиновтің жеке заттары, мемлекеттік наградалары, Ил-2 ұшағының макеті, "Золотая звезда" медалінің көшірмесі, Алматы орталық мемлекеттік архивінен алынған суреттер сақталады.

Қазақстандық әскерилер Кеңес Одағының батырының еске түсіріп, құрмет көрсетуде. Еліміздің бірқатар қаласында Талғат Бигелдиновтің 99 жасына орайластырылған шаралар өтті.