Спорт

Токио Олимпиадасы: Данияр Қайсанов ширек финалда күреседі

Данияр Қайсанов (74 келі) жапон Кейсукэ Отогуроның жауырынын жерге тигізді. Ширек финалда қазақ балуаны мысырлық Реда Рамадан Хуссейнмен кездеседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында еркін күрестен жарыстар жалғасып жатыр. Бүгін боз кілемге тағы бірнеше қазақ балуаны шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Қазақстандық бапкер Өзбекстанға Токио Олимпиадасында "алтын" алуға көмектесті
Әйелдер арасындағы сайыстарда Татьяна Ахметова (53 келі) алғашқы белдесуде ұтылып қалды. Ол Азияның төрт дүркін чемпионы поляк Роксана Марта Засинаға жол беріп қойды. Есеп – 2:3.  

Юсуп Батырмырзаев (125 келі) та бірінші айналымнан аса алмады. Қарсыласын 10:2 есебімен жеңіп тұрып, ұтылып қалды. Енді Ахметова мен Батырмырзаевтың қарсыластары финалға шықса, олар жұбаныш белдесу мүмкіндігіне ие болады.

Ал Данияр Қайсанов (74 келі) жапон Кейсукэ Отогуроның жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жетті. Ширек финалда қазақ балуаны Мысырдан келген Реда Рамадан Хуссейнмен кездеседі.

Кеше Нұрислам Санаев (57 келі) жартылай финалға дейін жеткен болатын. Бірақ үндістандық Кумар Равиден ұтылып қалды. Бүгін ол болгариялық Георги Вангеловпен қола медаль үшін белдеседі.