Оқиға

Тежегішті басып үлгермеген: Нұр-Сұлтанда жол апатынан екі бала көз жұмды

Қайғылы оқиға кеше кешке айналма жолда болған. Апат салдарынан 11 және 7 жасар екі бала қаза тапты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Кәмелет жасына толмаған екі бала Нұр-Сұлтандағы айналма жолда болған жол апатынан көз жұмды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Кеше кешкі сағат 22:30-да 33 жастағы Howo автокөлігінің жүргізушісі Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына қарай келе жатып, айналма жолда Steyr маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жүк көлігі жол бойында тұрған. Артынша Howo машинасына Volkswagen Passat автокөлігі соғылды. Көлікті жүргізіп келе жатқан әйел тежегішті басып үлгермеген.

Жол апаты салдарынан Howo автокөлігінің ішінде отырған 11 және 7 жасар екі бала сол жерде көз жұмды.

Howo және Volkswagen Passat жүргізушілері ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Оқи отырыңыз: Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды