Өңірлер

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қайтыс болды

58 жастағы Ұлан Жазылбек Жамбыл облысы әкімдігінде өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бағытына жетекшілік етті. Бұл қызметке былтыр мамыр айында кіріскен болатын
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек қайтыс болды. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.

58 жастағы Ұлан Жазылбек Жамбыл облысы әкімдігінде өнеркәсіп пен кәсіпкерлік бағытына жетекшілік етті.

Ұлан Жазылбек былтыр мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оның алдында 2017 жылдың қарашасынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 

Оған дейін Ұлан Жазылбек ұлттық экономика, өңірлік даму министрліктерінің құрылымында жұмыс істеген. 

2009-2011 жылдары "Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" АҚ департаментінің директоры, "Қорғас-сервис" ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы болды.

Кейбір БАҚ Ұлан Жазылбектің өліміне коронавирус себеп болғанын жазып жатыр. Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі марқұм тыныс жеткіліксіздігі салдарынан көз жұмғанын хабарлады.