НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 149 адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Оның ішінде 124 науқас расталған "коронавирус инфекциясы" диагнозынан, ал 25 пациент COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
4 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (–103 986 + және 3 030 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандардың арасында 1 786 науқастың жағдайы ауыр, 412 пациент хәл үстінде жатыр, 209 адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.