НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Тұрғындар ең тығыз шоғырланған Түркістан облысы коронавирус таралуы бойынша "жасыл" аймаққа енді, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.
Бұл қазіргі таңда "жасыл" аймақта тұрған жалғыз өңір.
"Сары" аймақта бірде-бір өңір қалмады.
Қалған өңірлер мен Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары әлі де "қызыл" аймақта.
Өткен тәулікте елде тағы 7 519 адам коронавирус жұқтырды, Түркістан облысында - 110 адам.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 600 мыңнан асты.