Өңірлер

Жаңа пайда болған "қою қызыл" аймаққа 4 өңір кірді

Бұл өңірлерде 2 тамыздан шектеу шаралары күшейтілді. Карантинді қатаңдату кезінде іскерлік белсенділік пен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру балансы ескерілген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары "қою қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Стационарларға жүктемені бағалау матрицасына сәйкес, "қою қызыл" аймақта 4 өңір – Алматы, Шымкент қалалары, Атырау және Қарағанды облыстары тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады", - деді Цой үкімет отырысында.

Ол 2 тамыздан өңірлерде шектеу шаралары күшейгенін атап өтті. Карантинді қатаңдату кезінде іскерлік белсенділік пен эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру балансы ескерілген.

Бүгін Түркістан облысы қайта "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Өңір "қызыл" аймақта бірнеше күн ғана болды.