Қоғам

Белгілі қазақстандық актер екінші рет әке атанды

Төлепов 2012 жылы шыққан "Жаужүрек Мың бала" атты фильмде Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал болды
Sputnik

АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстандық актер Асылхан Төлепов ұлды болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сүйінші жаңалықты актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Алланың қалауымен екінші ұлымыз дүниеге келді! Аллаға мыңда бір шүкір. Қуаныш қуанышқа ұлассын!", - деп жазды Төлепов.

Асылхан Төлепов пен жары Айсұлу Нарымбек 2017 жылы шаңырақ көтерді. Тұңғышының аты – Алпамыс.

Айта кетері, Асылхан Төлепов 2012 жылы шыққан "Жаужүрек Мың бала" атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал болды. 2016 жылы 23 жасында Алматы қаласы Наурызбай ауданының мәслихат депутаты болды. Кейін өз еркімен депутаттықтан бас тартты.