Фото

Пандемия қандай өзгеріс енгізді: көлік саласы қызметкерлерінің тыныс-тіршілігі – фото

Sputnik

Бұл салада өте көп маман қызмет етеді. Диспетчерлер, кондукторлар, бақылаушылар, машинистер, жолсеріктер, ұшқыштар, стюардессалар, техникалық қызметкерлер – көлік саласында еңбек ететін мамандардың бір бөлігі ғана.

Қазақстан территориясы арқылы 5 халықаралық автомобиль бағыты өтеді, халықаралық әуе байланысына қызмет көрсететін 14 әуежай жұмыс істейді.

Каспий теңізіндегі кеме қатынасы Ресей, Иран және Әзербайжанмен суда байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның көлік саласы қызметкерлерінің күнделікті еңбегі мен кәсібі туралы суреттер топтамасынан көріңіз.

 

1 / 18
Қазақстанда көлік саласы мамандарының жеке мерекесі бар. Ол әдетте тамыздың бірінші жексенбісінде аталып өтеді.
2 / 18
Бұл салада көп адам еңбек етеді. Себебі ол автокөлік, теміржол, су және авиация көлігі өкілдерінің басын біріктіреді. Суретте: Алматының Халықаралық әуежайындағы жедел басқару орталығы.
3 / 18
Қазақстан территориясы арқылы 5 халықаралық автомобиль бағдары өтеді, халықаралық әуе байланысына қызмет көрсететін 14 әуежай жұмыс істейді.
4 / 18
Диспетчерлер, кондукторлар, бақылаушылар, машинистер, жолсеріктер, ұшқыштар, стюардессалар, техникалық қызметкерлер – бұл көлік саласында еңбек ететін мамандардың бір бөлігі ғана.
5 / 18
Автобус жүргізушілері күн сайын жүздеген километр жол жүреді.
6 / 18
Пандемия көлік саласының жұмысына да бірқатар өзгеріс енгізді. Мәселен, қазір автобус пен пойыздардың ішін, метро вагондары мен ұшақ орындықтарын толық дезинфекциялау қалыпты жағдайға айналды.
7 / 18
Коронавирус салдарынан өткен жылы ұшақ қатынасы біршама қысқарды. Алайда биыл қазақстандық авиакомпаниялар жаңа бағыттарды іске қосты.
8 / 18
Бүгінгі цифрландыру дәуірінде билетті смартфон арқылы оңай сатып алуға болатынына қарамастан, жолсеріктер мен бақылаушылар қызметі Қазақстанда әлі ұзақ уақыт бойы қажетті мамандық қатарында болатыны анық.
9 / 18
Ауру өршіп тұрған кезде Қазақстанның кейбір қаласында карантиндік шектеулер қоғамдық көліктің жұмысын тоқтататқан еді. Қазір демалыста автобус жүрмейді.
10 / 18
Жолаушылардың қауіпсіздігі мен оларға қолайлы жағдай жасау – көлік қызметкерлері үшін басымдыққа ие. Сондықтан дезинфекциялау мен санитарлық тазалауға ерекше мән беріледі.
11 / 18
Қазақстандықтар пандемияға қарамастан саяхаттап жүр және оларға бұл істе көлік саласының қызметкерлері көмекші.
12 / 18
Вирустың таралуына жол бермес үшін Нұр-Сұлтанда жолақы үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысуға тыйым салынды. Бұл цифрландырудың дамуына өзіндік үлес қосты.
13 / 18
Пандемияға дейін Қазақстанда ерекше пойыздар жүрді. Мысалы, "денсаулық пойызы" Қазақстанның қиыр шетіндегі елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізді.
14 / 18
Бұл азаматтар борттағы жолаушылардың қауіпсіздігі мен аман-есен жерге қонуы үшін жауапты. Ұшқыштар кабинаның санитарлық тазалаудан өтуін күтіп тұр.
15 / 18
Ал бұл Азаматтық авиация академиясының курсанттарына арналған имитациялық жаттығу орны. Курсанттар штурвалды өз басқаруына алған кезде арнайы проектор тиісті қала немесе әуежайдың визуалды кескінін экранға шығарады да, студенттер үлкен әуе кемесін басқаруды үйренеді.
16 / 18
Пойыздың тоқтауы өте ұзақ екенін бәрі жақсы біледі. Сондықтан бірнеше метрге созылып жатқан ұзын көлікті тоқтатып, апатқа жол бермеу де үлкен кәсібилікті қажет етеді. Қостанай локомотивті депосының машинисі Александр Фурсов теміржолда қалып қойған трактормен соқтығысудың алдын алып, пойызды дер кезінде тоқтата алды.
17 / 18
Қазір авиалайнерлер қолайсыз ауа райында да аспанға көтеріліп, жолаушыларды тиісті орынға жеткізе алады.
18 / 18
ПТР-тест, вакциналау паспорты мен бетперде тағу сынды талаптардың барлығы уақыт өте келе күшін жойып, артта қалады деген үміт жоқ емес. Сол шақта еркін саяхаттап, шектеусіз өмірдің құндылығын сезінетін мүмкіндік туады.