Әлем

Антальяда ресейлік туристер мінген автобус аударылды – видео  

Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, аударылып қалды. Қоғамдық көлікте болған туристердің барлығы – Самара тұрғындары
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Түркияның Анталья провинциясында болған жол апатынан үш Ресей азаматы қайтыс болды. Бес адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Туристік автобуста Ресейдің 22 азаматы болған. Барлығы "НТК Интурист" туристік операторы арқылы демалуға келген. Полиция таратқан мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып аударылып кеткен.

Жол апатынан үш адам қайтыс болды. Бұдан бөлек, бес адам ауыр жарақат алды. Екеуі жансақтау бөліміне түсті. Зардап шеккендердің бәрі жақын орналасқан ауруханаларға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Туроператордың мәліметі бойынша зардап шеккендердің жанында орыс тілін білетін гидтер жүр. Туристердің барлығы сақтандыру жүйесімен қамтылған.