Оқиға

Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Алған жарақат салдарынан 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз — Sputnik. Сейсенбіге қараған түні Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының маңында жол апаты болды.

Алматы облысы полиция департаментінде Toyota Rav-4 көлігінің 38 жастағы жүргізушісі ағашқа соқтығысқанын хабарлады. Бұдан соң көлік аударылған.

Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Алған жарақат салдарынан 33 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші Талғар ауруханасына жеткізілді.

Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша ("жол қозғалысын немесе көлікті қолдану ережесін бұзу") қаралады. Барлық тиісті сараптама тағайындалды.