Денсаулық

Неше сағат сайын тамақтанған дұрыс – дәрігер жауабы

Әдетте үш сағатта жеңіл тағам қорытылады. Ал ет сынды астың қорытылуына шамамен бес сағат керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. Медицина ғылымдарының кандидаты, эндокринолог Зухра Павлова қалай дұрыс тамақтану керектігін айтты. Ол ақпаратты өзінің Telegram-каналында жариялады.

"Тамақтанудың арасында кем дегенде үш сағат өтуі тиіс. Сондай-ақ, бұл уақыт бес сағаттан асып кетпеуі керек. Түнгі кезді есепке алып отырған жоқпын. Ол уақытта май қорынан қорек аламыз. Кешкі тамақтану мен таңғы ас арасында 10-12 сағат уақыт өтеді", - деді ол.

Әдетте үш сағатта жеңіл тағам қорытылады. Ал ет сынды астың қорытылуына шамамен бес сағат керек.  

Адам бес сағаттан артық нәр татпаса, липопротеинлипаза деген биохимиялық белсенді зат іске қосылады.

"Ол ағзадағы қоректік зат мөлшерін "бақылап отырады". Олар жүйелі түрде түспесе, липопротеинлипаза май тінінде белсенді бола түседі. Осылайша май қоры жинала бастайды", - деді эндокринолог.

Маманның айтуынша, тәтті мен калориясы көп тағам жеу артық май тінінің жиналуына әкеп соғады.