НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз — Sputnik. Қарағанды фармацевтикалық кешені тамыз-қыркүйек айларында қазақстандық нарыққа "Спутник V" вакцинасының 2 млн дозасын ұсынады.
"Кешен мен "СК-Фармация" арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі - 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары", - делінген хабарламада.
Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын.
"Спутник V" - коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат.
Ақпан айында Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады.
Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.