Өңірлер

Өскеменде ұлы "жоғалған" әйелдің өтірігі әшкере болды

Әйел біраздан соң ұлының ешқайда жоғалмағанын, арыз берген кезде мас болғанын айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Өскеменде 5 жасар ұлының жоғалып кеткені жайлы полицияға жалған хабар берген тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлады Алтайньюс.

"27 шілде күні Өскемен қалалық Ертіс полиция қызметіне 1996 жылғы әйел хабарласып, 5 жасар ұлының жоғалып кеткенін айтып шағымданды", - дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 5 жасар ұлы Миша Қазақстан көшесіндегі "Дөнер" дәмханасының ойын алаңында жүрген. Содан кейін әйел баласын "Электр тауарлары" дүкенінің маңында тұратын бұрынғы күйеуі алып кетуі мүмкін екендігін айтады. Бірақ нақты мекен-жайды айта алмаған.

"Вакцина алғандар 2 жылдан кейін қайтыс болады": әлеуметтік желіде жалған ақпарат тарады

"Сөзден жаңылған әйел біраздан соң ұлының ешқайда жоғалмағанын, арыз берген кезде мас болғанын айтты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырылды", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.