Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 6 мыңнан асты

Тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан ең көп өлім-жітім Нұр-Сұлтан (19) мен Шымкент (16) қалаларында тіркелді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болғандар санын жариялады.

Тәулік ішінде 86 адам коронавирустың құрбаны болды, ал ковидтік пневмония 16 адамның өмірін қиды (барлығы – 102 адам).

Ресми дерекке сүйенсек, республикада коронавирустан барлығы 6 043 адам, ал COVID белгілері бар пневмониядан 3 740 адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Коронавирустан жазылғандар неге күрт арықтайды

2 тамыздағы жағдай бойынша, 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (–98 951 + және 2 751 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 676 адамның жағдайы ауыр,
  • 402 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 196 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.