Денсаулық

Коронавирустан жазылғандар неге күрт арықтайды

Дәрігерлер мұны сырқаттың оң тұсы емес, ағзаға тигізген кері әсері деп санайды. Интоксикация салдарынан адамның қалпына келу мерзімі ұзарды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. COVID-19-дан кейін арықтау бастапқыда сирек кездесетін жағдай болды. Алайда кейін вирус жұқтырып, жазылғандардың 80 процентінде байқалды, деп жазады "Комсомольская правда" медицина ғылымдарының кандидаты Хадижат Омароваға сілтеме жасап.

"Диарея, ағзаның құрғауы, тәбет болмауы сынды симптомдар жиілей түсті. Бұл вирусns4 жаңа штамдарының пайда болуымен байланысты", - деді маман.

Интоксикация салдарынан адамның қалпына келу мерзімі ұзарды. Дәрігердің айтуынша, сондықтан адам арықтайды.

Ағза қалпына келуге қажетті заттарды алмағандықтан, бұлшықет массасы азайып, салмақ тастай бастайды.

"Ковидтен жазылғандар тәбетінің болмауы кейбір жағдайда анорексияға әкеп соққан. Коронавирусты жеңген соң адам салмағының 5-тен 15%-не дейін жоғалтуы мүмкін", - деді дәрігер.