НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Жерлеу рәсімі кезінде ер адам тіріліп кетті. Таңғаларлық жағдай Ливанда болды, деп хабарлайды Daily Star.
Қайтыс болған ер адамды табытқа салып, қоштасу рәсімін өткізу үшін далаға шығарған. Ең алдымен туыстары қоштасты. Олар жақындап барғанда ер адамның өлмегенін байқаған. Барлығы жабылып, жүрекке массаж жасай бастады. Осы оқиға видеоға жазылып қалды.
Ер адамның туыстары көп созбай, оны жедел медициналық жәрдем көлігіне салып, дереу ауруханаға апарды.
Айта кетері, тура осындай жағдай көктемде Гана Республикасында болған. Мәйітхана қызметкері қайтыс болған баланы алып кетуге келгенде оның түшкіріп жатқанын естіді. Ол бірден дәрігерлерді шақырды. Мамандар баланы аман алып қалды.