Өңірлер

Балағына жасырған: Атырауда есірткі сатқан өзбекстандық ұсталды – видео

Күдіктіден неден жасалғаны белгісіз 19 грамнан астам есірткі тәркіленіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды
Sputnik

АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Атырауда Өзбекстаннан келіп есірткі сатқан ер адам ұсталды. 

Polisia.kz ақпаратына сәйкес, Өзбекстанның 32 жастағы азаматы Атырауға Тараз арқылы келіп, есірткі сатумен айналысқан.

Ол "Қарасора-2021" операциясы кезінде қолға түсті.

Тәртіп сақшылары оны есірткі жасырып жатқанда ұстады. Полиция жариялаған видеода күдіктінің есірткіні балағына жасырғаны түсірілген. Тексеру кезінде неден жасалғаны белгісіз 29 түйіншек тәркіленді. Тағы 40 данасы үйінен табылды.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамның айтуынша, бұл Меф есірткісі болған. Жалпы салмағы 19 грамнан астам есірткі тәркіленіп, сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық және сол тектес заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Атырауда болған қылмыс видеоға түсіп қалды