Спорт

Токио Олимпидасы: қазақстандық палуандар жарыс жолына шықты

Бүгін екі қазақстандық спортшы боз кілемге шығып, ширек финалға шығуға тырысты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен жарыстар басталды. Бүгін екі қазақстандық спортшы боз кілемге шығып, ширек финалға шығуға тырысты. Бірақ екеуі де ұтытып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

60 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Мейрамбек Айнағұлов қырғыз палуаны Жоламан Шаршенбековтан 0:8 есебімен ұтылды. Осылайша 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері жарыс жолынан шығып қалды. Ал Шаршенов келесі жекпе-жекте Молдова палуаны Виктор Чобанудан жеңілді.

Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) да қырғыз спортшысынан ұтылды. Айпери Медетқызы одан 1:8 есебімен басым түсті. Ал ширек финалда ресейлік палуанды жеңді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жүлдесіз қалды

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында тағы екі қазақстандық палуан өнер көрсетеді. Олар Демеу Жадыраев (77 келіге дейін) және Нұрсұлтан Тұрсынов. Ал әйелдер арасындағы күрес жарыстарына Валентина Исламова (50 келі) мен Татьяна Ахметова (53 келі) қатысады.