Спорт

Әлиев Олимпиадада наразылық білдіріп, бір сағат бойы рингтен кетпей қойды

Боксшы қарсыласын басымен бір ұрғаны үшін жекпе-жектен шеттетілген, ол төрешінің бұл шешіміне наразылық білдірді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Франция боксшысы Мурад Әлиев жекпе-жекте жеңілгенімен келіспей, бір сағат бойы рингтен кетпей қойған.

Боксшы Мурад Әлиев Мәскеуде туған, бірақ алты жасында отбасымен Францияға көшіп кеткен. Ол аса ауыр салмақ дәрежесінде ширек финалда британиялық Фрейзер Кларкпен жұдырықтасты.

Екінші раундта төреші Әлиевті жекпе-жектен шеттетті. Өйткені боксшы қарсыласын әдейі басымен ұрды деп шешкен.

Әлиев Олимпиадада наразылық білдіріп, бір сағат бойы рингтен кетпей қойды

Бұл шешімге ызаланған Әлиев жеңілгенімен келіспей, аузындағы тіссауытын түкіріп тастап, телекамераны жұдырығымен бір ұрады. Осыдан кейін ол бір сағат бойы рингтен кетпей, басқа жекпе-жектерді өткізуге бөгет жасаған. Бірақ ақырында тәртіпке бой ұсынып, шаршы алаңнан кеткен.

Айта кетері, 91 келіден астам салмақ дәрежесінде біздің боксшы Қамшыбек Қоңқабаев бақ сынап жатыр.