Фото

Палестиналық суретші адам сенгісіз тепе-теңдікке қол жеткізді – фото

Sputnik

Газ секторындағы Бейт-Ханун қалашығында палестиналық суретші Мұхаммед әл-Шенбари заттардың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін түрі заттарды қолдана алады.

Әрбір заттың орналасуын жіті бақылау және тірек нүктесін дәл анықтау арқылы Әл-Шенбари үлкен теледидарды бөтелкенің үстіне қойып, газ канистраларын көлбеу кілт үстіне тұрғыза алды. Бұл тартылыс заңына күмәндануға себеп болатындай көрініс.

"Мен осы істі үйренгім келді. Себебі мұнымен араб әлемінде аз адам машықтанады. Мен қарапайым жаттығулардан бастап, икемім бар екенін байқадым", - дейді Әл-Шенбари.

Жергілікті аймақта өтікізілген конкурсқа қатысып, марапатқа ие болған жас суретші халықаралық байқауларда да бақ сынауды армандап жүр. 

Тепе-теңдік пен теңгерім арқасында жас шебер жетістікке қол жеткізді. Ол бомбалау мен зымыран соққыларынан кейін күл-талқаны шыққан қирандылар арасынан да теңгерімді таба алатын өз ісінің маманы.

Оқи отырыңыз: Суретші құрғап қалған көлге футбол жұлдызы Лионель Мессидің портретін салды - видео

 

1 / 6
Палестиналық перфомансер Мұхаммед әл-Шенбари бомбалаудан кейін талқаны шыққан қирандылар арасынан да адам сенгісіз ғажайып тепе-теңдік заттарын таба алады.
2 / 6
26 жастағы суретші азық-түлік алу үшін дүкенге барған кезде де көрермендерді таңғалдырады
3 / 6
Ол Газ секторындағы бомба түскеннен кейін қирап қалған үйлердің сынықтарын да теңдік күші мен сұлулығын сипаттау үшін қолдануға болатынын дәлелдеді.
4 / 6
Қоқыс арасында жатқан үй кірпішіне шыны бөтелке, ал бөтелкенің үстіне үлкен теледидарды орнату екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық. Сондықтан Мұхаммед әл-Шенбаридің бұл қабілеті құрметке лайық.
5 / 6
Мұхаммед кез келген заттың теңгерім нүктесін таба алатынын айтты. Оның айтуынша, бұл машықты ол әлеуметтік желідегі роликтерді көру арқылы үйренген.
6 / 6
Палестиналық перфомансер-суретші әл-Шенбари үстел үстінде тұрған кірпішке орындықты бір аяғымен тұрғыза алады.