Фото

Олимпиада ойындарының кадрдан тыс қалған қызықты сәттері – фото

Sputnik

Қазақстандықтардың да Олимпиада ойындарын тақымын қысып тамашалап отырғаны сөзсіз. Әсіресе Токио рингінде нокаутқа түскен қазақстандық боксшы Василий Левиттің жеңілісі кім-кімге де оңай тимегені анық.

Есесіне аса ауыр салмақ дәрежесінде мысырлық боксшымен жекпе-жекке шыққан Қамшыбек Қоңқабаев 5:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ Әбілхан Аманқұл (75 келі) өзбек боксшысы Фанат Қахрамоновты айқын басымдықпен жеңді.

Жалпы Олимпиада тартысты додадан бөлек қызықты сәттерге де толы. Жұртшылық назарынан тыс қалған кадрларды Sputnik-тің суреттер топтамасынан көре аласыз. 

1 / 23
Ерекше "комета". Олимпиада кезінде Швеция мен Ресей әйелдер құрамасының арасында өткен гандбол ойынындағы доп.
2 / 23
Перу спортшысы Анджело Кро Нарваез Олимпиадада "көше" скейтбордингке арналған жолақтан дұрыс өте алмаған соң өз скейтін теуіп тұр.
3 / 23
Аргентиналық Факундо Олецца парус спорты бойынша жарыстан кейін қайықтан түсіп, суда жүзіп келеді.
4 / 23
Қазақстандық Сәкен Бибосынов пен Пуэрто-Рико боксшысы Янкель Фигуэроның арасындағы жекпе-жек.
5 / 23
Олимпиаданың ерекше көрермендері - Токио стадионының төбесіндегі толған ай аясындағы құстардың сұлбасы.
6 / 23
Бразилиялық шабандоз Жоао Виктор Маркари Олива жарыстан кейін өз сәйгүлігімен сыр шертісіп тұр.
7 / 23
Олимпиадада сырықтан секіру кезіндегі Қытай гимнасі Сун Вей.
8 / 23
Бразилия дзюдошысы Даниэль Каргнин қарсыласы мысырлық Мохамед Абдельмагудтың тұншықтыру әдісіне төтеп беруге тырысуда.
9 / 23
Жоқ, бұл өзге планеталық емес. Бұл Олимпиадада 100 метрге жүзу жарысында бақ сынап жатқан Татьяна Шоенмейке.
10 / 23
Олимпиадада Аргентина - Франция құрамаларының гандболдан өткен жарысында қарсыласын киімінен тартқан спортшының бұл әрекеті камераға түсіп қалды.
11 / 23
Венгрия мен Ресей ватерполшылары Олимпиада жүлдесі үшін су добына таласуда.
12 / 23
Кермеде тартылу кезінде Нигерия гимнасты Уче Екеның шаштары сәуле таратып тұрғандай әсер береді.
13 / 23
Ал бұл Токиодағы жүзгіштердің бірінің жасыл теңіз арыстаны бейнеленген қызықты спорт киімі.
14 / 23
Жылдың бас спорт шарасына қатысатын гимнаст Олимпиада сақиналары бар маникюр жасатып алған.
15 / 23
Қазақстан спортшысы Зульфия Чиншанло Олимпиадада салмақ көтеру кезінде гравитация күшінің әсерінде болған секілді.
16 / 23
Олимпиада кезінде суға секірген жапон атлеттері ғарышта қалықтап жүргендей.
17 / 23
Жауған жаңбырға қарамастан триатлон бойынша жарысқа қатысушылар бейнебір ауада қалықтап бара жатқандай.
18 / 23
Ресейлік жүзуші Евгений Рылов мысық бетпердесін таққан күйде шықты.
19 / 23
Неміс теннисшісі Дмитрий Овчаровтың Олимпиададағы ойында теннис добын аса мұқият кері қайтарып жатқан сәті.
20 / 23
Қытай гимнасты Лин Чаопянның сырықтан секіру кезінде түрі аса үрейлі көрінеді.
21 / 23
Мерген қолына ұстаған мына қолшатырды Олимпиада ойындарындағы нысанамен оңай шатастырып алуға болады.
22 / 23
Бразилия гимнасты Айо Соуза қол тіреп секіру кезінде біреуді күлдіруге тырысып жатқандай көрінді.
23 / 23
Адам Пити 100 метрге брасс, яғни кеудемен жүзу жарысына қатысуда.