Қоғам

Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Ол бұл қызметке 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын
Sputnik

АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш берген.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді", - деп жазды Уәли.

Қалмұханбет Қасымов бұл қызметке 2020 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.