Видео

Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады

Түркияның демалыс аймағында дүрбелең байқалмайды, туристер эвакуацияланып жатқан жоқ, деді оқиға куәгері
Sputnik

Sputnik Қазақстан агенттігінің фото тілшісі Владислав Воднев курорттық туристік қалашықты жалмаған алапат өрт куәгері болды.

Қазақстандық Манавгат елді мекенінде демалыста. Оның айтуынша, қатты жел салдарынан жалын жылдам тарап жатыр. Оның биіктігі бес қабатты үймен бірдей.

"Қатты жел болғандықтан, жалынды ауыздықтау қиын деп ойлаймын. Курортта бұл әдейі жасалған деген болжам айтылуда. Өртке қараған кезде оның бірнеше ошағын көруге болады", - деді Владислав Воднев. 

Табиғи апатқа өрт қауіпсіздігін сақтамау да себеп болуы мүмкін.

Өрт салдарынан ауданда электр жарығы сөнді. Жергілікті қонақүйлер дизель электр станциясын іске қосты. 

Құтқарушылар жалынды сөндіру үшін тікұшақ пен ұшақ пайдалануда. Қызыл, сары түске боялған түркиялық демалыс аймағын видеодан көре аласыз.